Бүгін сағат 18.00-де президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталып, кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Орталық сайлау комиссиясы бекіткен кезектен тыс президент сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни 2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады (2022 жылғы 19 қарашада сағат 00.00-де аяқталады).
Үгіт науқанына берілген мерзім аяқталғанда сайлау алдындағы "тыныштық күні" жарияланады, бұл – 19 қараша сағат 00.00-ден 20 қараша сағат 00.00-ге дейін.