Президент сайлауы: Нұрлан Әуесбаев құрылыс ұйымдарының жұмыскерлерімен кездесті

551

Кездесу барысында ЖСДП-дан үміткер өз бағдарламасының негізгі тармақтары жайында сөз қозғады.

Президент сайлауы: Нұрлан Әуесбаев  құрылыс ұйымдарының жұмыскерлерімен кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Республикалық сайлауалды штабында құрылыс ұйымдарының жұмыскерлерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұрлан Әуесбаев сайлауалды бағдарламасының негізгі бағдары адам екендігін мәлімдеді. 

Үміткердің сөзінше, мемлекетпен жасақталған әлеуметтік лифттерден бүгінгі күні пайда жоқ. Сол себепті әлеуметтік қолдау жүйесін құру маңызды.

Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне де тоқталды.

"Өндіріс саласында жарақат пен жазатайым оқиғалардың деңгейі өте жоғары. Оған себеп – жұмыс берушілердің жұмысшылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуға қаражат бөлгісі келмейтіндігі", деді Н.Әуесбаев.

ЖСДП-дан үміткер жағдайды өзгерту үшін азаматтар қайтадан пайда алушы болатын, ал бизнес олигархаттың не мемлекеттің қудалауы мен қысымынан қорықпай адал жұмыс істеп, салық төлей алатындай қоғамды, бизнесті және мемлекетті тепе-теңдік күйіне қайтару қажет. Бұл кезде ірі компаниялар өздерінің байлығы мен мөлшері үшін жауап беріп, мемлекет болса, өз азаматтарына есеп беретін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу