Президент сайлауы: Салтанат Тұрсынбекова ОСК-ға құжаттарын тапсырды

566

Үміткерді "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Президент сайлауы: Салтанат Тұрсынбекова ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Салтанат Тұрсынбекова Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1 қазанда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №67/545 қаулысына сәйкес Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова комиссияға құжаттарын тапсырды.

Тапсырылған құжаттар: 

1. "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Салтанат Тұрсынбекованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Айта кетсек, бүгін Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан Республикасының кандидаттығына үміткер ретінде ұсынылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу