Президент сайлауына бюджеттен қаржы бөліне бастады

865

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге бюджеттен 20,5 млрд теңге бөлінген.

Президент сайлауына бюджеттен қаржы бөліне бастады

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кезектен тыс Президент сайлауына бөлінген қаражат қайда жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сайлауды өткізуге 20,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл сома бекітілді, Үкімет резервінен ақша бөлініп жатыр. Жергілікті жерлерде сайлау учаскелері құрылады. Ал жалақы ең төменгі үш айлық жалақыдан кем болмауы тиіс, бұл - 180 мың теңге", деді Ержан Біржанов БАҚ өкілдеріне.

Айта кетсек, ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы" қаулы қабылдады.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат шығыстарының мөлшері 10 312 600 теңге көлемінде белгіленген:

Теледидар және радио бойынша сайлау бағдарламаларын ұсыну, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау - 9 012 600 теңге;
Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 800 000 теңге;
Көлік шығындары - 500 000 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу