Орталық сайлау комиссиясы "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина өз баяндамасында ҚР сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамынан 22 байқаушының тіркелгенін хабарлады.
Айта кетсек, сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын 3 маусым сағат 18.00-ге дейін тіркейді.
Бүгінге дейін 67 халықаралық байқаушы тіркелген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу