Президент сайлауынан кейін Үкіметтің оставкаға кетуі міндетті емес

693

Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берген Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудан кейін саяси өзгерістер болатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Президент сайлауынан кейін Үкіметтің оставкаға кетуі міндетті емес Фото: Atameken Business

"Саяси өзгерістерге қатысты, бұдан бұрын да айтқанымдай саяси реформаларды жалғастыру керек, әйтпесе тоқырау болады. Екінші жағынан заң бойынша Президент сайлауынан кейін үкіметтің отставкаға кетуі міндетті емес. Бұл Парламент сайлауынан кейінгі міндетті шара", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Парламент сайлауына қатысты арнайы мәлімдеме жасайтынын айтты. 

"Парламент сайлауының мерзіміне қатысты, осы жылдың соңында мен арнайы мәлімдеме жасаймын. Сондықтан, Үкімет жұмысын жалғастыра береді, алайда Үкімет құрамындағы жекелеген өзгерістер және басқа ведомстваларда да, әрине болады", - деді Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу