Президент сайлауында 1 мыңнан аса шетелдік байқаушы болады

721

Оның ішінде 866 байқаушы 9 халықаралық ұйымнан және 147 байқаушы 41 шет мемлекеттен.

 Президент сайлауында 1 мыңнан аса шетелдік байқаушы болады

3 маусымда сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясына ТМД байқаушылар миссиясының 11 байқаушысын және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 2 байқаушысын аккредиттеуге ұсыныс келіп түскені туралы хабарлады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты.

Сонымен қатар 7 шет мемлекеттен: Ұлыбритания, Кытай, Үндістан, Палестина, Ресей Федерациясы, АҚШ, Грузиядан 33 байқаушы ұсынылған. Олардың ішінде Үндістан мен Ресей Федерациясы орталық сайлау органдарының өкілдері бар.

"Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқау үшін 1013 байқаушы аккредиттелді. Оның ішінде 866 байқаушы 9 халықаралық ұйымнан және 147 байқаушы 41 шет мемлекеттен",– дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу