Президент саммит қатысушыларын Астана халықаралық форумына шақырды

363

Келесі жылы қорға Қазақстан төрағалық етеді.

Президент саммит қатысушыларын Астана халықаралық форумына шақырды Фото: akorda.kz

Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев COP28 саммитінің қатысушыларын 2024 жылдың маусым айында ұйымдастырылатын Астана халықаралық форумына шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мысалы, біз Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз. Өздеріңізге мәлім, бір кездері Арал теңізі әлемдегі төртінші ірі ішкі су айдыны болған. Қазақстан келесі жылы Қорға төрағалық етеді және осы мәселені шешу үшін барлық серіктесті жұмылдыруға үміттенеді.

Бұдан бөлек, БҰҰ Бас Ассамблеясының келесі сессиясы шеңберінде "Біртұтас су" атты бірінші тақырыптық саммит өтеді. Біз Франциямен бірге аталған жиынға тең төраға болатынымызға қуаныштымыз",- деді Президент.

Айта кетейік, келесі жылы қорға Қазақстан төрағалық етеді.

"Биылғы COP28 саммитінің табысты өткенін ескере отырып, барлық қатысушы мемлекетті 2024 жылдың маусым айында ұйымдастырылатын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырамын. Форум климатқа қатысты осы өткір мәселелер бойынша мақсатты ынтымақтастықты СОР29-ға дейін жалғастыратын диалог алаңы бола алады",- деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу