Президент "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасына бірқатар міндет жүктеді

307

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. 

Президент "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасына бірқатар міндет жүктеді Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысына Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, Президентке холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндалды. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, олардың қатарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және "Самұрық-Қазына" компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді.

Нұрлан Жақыпов қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді. Холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу