Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының қазіргі жұмысы мен негізгі қаржылық көрсеткіштері, кәсіпорындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, қор қызметкерлеріне екпе егу барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфрақұрылым, мұнай-газ және энергетика бағытындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиев Президентке газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газды қайта өңдеу зауытының құрылысы, "Астрахан-Маңғышлақ" магистральді су таратқышы мен "Достық-Мойынты" теміржол көлік дәлізін қайта жаңғырту жоспарын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.