Ел Президенті "Самұрық-Қазынаның" жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ашық айтқан. Мемлекет басшысы қор жұмысында нәтиже бар екенін, бірақ оның ойдағыдай атқарылмай жатқанын нақтылап өткен.
– "Самұрық-Қазынаның" алдында тұрған ең маңызды міндеттің бірі – қорды реформалау. Бұл жұмыс ойдағыдай жүргізіліп жатыр деп айту өте қиын. Әрине, кейбір нәтижелер бар. Дегенмен, жұмыс әлі де көп. Қордың қызметін ақпанда арнайы талқылаймыз, – деді ол.
Президент ақпан айындағы талқылау кезінде қордағы реформалар қаралатынын айтқан. .
Бұған дейін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлаған едік.