Президент саясат пен экономикада жаһандық және аймақтық деңгейде өзгерістер жүріп жатқанын айтты

324

Бұл мемлекеттер мен құрлықтардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызады.  

Президент саясат пен экономикада жаһандық және аймақтық деңгейде өзгерістер жүріп жатқанын айтты Фото: akorda.kz

-Кез келген қайшылықты БҰҰ Жарғысының нормалары мен қағидаттарына сай шешуге болатынына кәміл сенемін. Бұл құжатты әлемдік қоғамдастық адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстан кейін қабылдады. Мұндай қасірет енді қайталанбауы үшін халықаралық аренада бәріне түсінікті, ортақ ойын ережесі қабылданды. Бұл ізгілік пен адамгершілік қағидаттарының зор жеңісі еді. Әзірге әлем қақтығыстарды еңсерудің бұдан артық тәсілін ойлап тапқан жоқ, деді Мемлекет басшысы. 

Жер көлемі, қуаты мен экономикалық әлеуетіне қарамастан, барлық мемлекет тең. Халықаралық құқық ешқандай бұра тартусыз, теңдей және бәріне бірдей қолданылатынын айтты. 

Сондықтан ашуды ақылға жеңдіріп, халықаралық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтаған сәттен бастап, әлемде тепе-теңдік қайта орнайтынын жеткізді. Бұл формула саяси жүйелер үшін де, қазіргі замандағы экономикалық, экологиялық және гуманитарлық мәселелерді шешуде де өзектілігін жоймайды.

-Бүгінде біз халықаралық жағдай шиеленісе түскен шақта өмір сүріп жатырмыз. Саяси қысым жасау әдістері, сауда және санкциялық соғыстар алдыңғы орынға шықты. Бұл халықаралық сауда жүйесін түбі тығырыққа тірейді.

Біз бұрын-соңды болмаған геосаяси бөлшектену және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жікке бөліну жағдайына куә болып отырмыз. Саясат пен экономикада жаһандық және аймақтық деңгейде өзгерістер жүріп жатыр. Бұл мемлекеттер мен құрлықтардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызады, деді өз сөзінде Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу