Президент саяси партияларды тіркеудің шартын жеңілдетуді ұсынды

821

Тіркеуден үмітті партия мүшелерінің шектік саны 40 мыңнан 20 мың адамға азайтылады.

Президент саяси партияларды тіркеудің шартын жеңілдетуді ұсынды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев саяси тпартияларды тіркеудің ережесіне өщгері енгізуді ұсынды.

"Қазір саяси партияға тіркелу үшін  кем дегенде 40 мың мүшесі болу керек... Енді жаңа саяси жағдайда бір жағынан азаматтардың барлық тілектеріне, екінші жағынан демократиялық елге лайықты өзгеріс қажет. Біздің қоғам партия құрылысының жаңа кезеңіне көшетіндей дәрежеге жетті. Сондықтан тіркеу үшін партия мүшелері санының төменгі шегін екі есеге, яғни, 20 мыңға дейін азайтуды ұсынамын. Бұл айтарлықтай маңызды өзгеріс. Бұл азаматтық белсенділікті арттыруға қосымша мүмкіндік береді", – деді Президент.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу