Президент Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды

399

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың Телеграм-арнадағы ресми парақшасына сілтеме жасап.  

Президент Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды Фото: senate.parlam.kz

"Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!", - деп мәлімдеді ҚР Президенті Қ.Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу