Президент Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты

1597

Кпеше белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өткен болатын.   

Президент Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Белгілі қоғам қайраткері жəне ғалым Серікболсын Əбділдиннің қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Серікболсын Əбділдəұлы – елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта, иманы саламат болсын!" – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу