Президент шахтадағы апат кезінде ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

328

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент шахтадағы апат кезінде ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады Фото: ҚР ТЖМ

Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін "Qarmet" акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске сала кетейік, 2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасының 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойды. 

Оқиға кезінде 187 кенші жер бетіне шығарылды. Оның ішінде учаскі басшылары мен бақылаушылар арасынан 7 жұмысшы оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнында қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу