Президент Шавкат Мирзиёевті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

1127

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстардың жемісті сипатына ерекше мән беріп, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары боларына сенім білдірді.

Президент Шавкат Мирзиёевті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке жолдаған құттықтау жеделхатында Өзбекстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор жетістіктерін және көпғасырлық достық пен ортақ тарихқа негізделген қазақ-өзбек диалогының қарқынды дамуын атап көрсетті.

"Біздің бірлескен жұмысымыз бауырлас елдеріміздің көпқырлы стратегиялық серіктестігін одан әрі кеңейтуге кепіл болады деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу