Президент: Шекарадағы аймақтарды дамытуға ұсыныс керек

1084

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Президент: Шекарадағы аймақтарды дамытуға ұсыныс керек

"Қоғамда жиі айтылып жүрген тағы бір мәселе – шекаралас аймақтарды дамыту. Бұл тақырыпты Ұлттық кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров көтерген болатын. Соңғы кезде шекара бойындағы елді мекендерде халық саны азайып бара жатқаны жасырын емес. Мұның өзіндік себептері бар. Бірақ, шекара маңын бос қалдыруға болмайды. Бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар мәселе. Оны жүйелі түрде шешу қажет. Қомақты қаражат керек болады. Үкіметке мұны жан-жақты қарастырып, шекаралас аймақтарды дамыту жөніндегі ұсыныс енгізуді тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу