Президент шетелдік инвесторлар кеңесінің жеке құрамын бекітті

287

Қазақстан тарапынан бірқатар кеңес мүшелері тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент шетелдік инвесторлар кеңесінің жеке құрамын бекітті Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 1 қазандағы №174 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жеке құрамы бекітілді.

"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы №3985 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ереженің 11-тармағына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жеке құрамы бекітілсін. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жеке құрамы туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі №4071 өкімінің күші жойылды деп танылсын", – делінген өкім мәтінінде. 

Қазақстан тарапынан кеңес мүшелері:

  • Бектенов Олжас Абайұлы – Премьер-Министр;
  • Сүлейменов Тимур Мұратұлы – Ұлттық банк төрағасы;
  • Скляр Роман Васильевич – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары;
  • Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы – Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі;
  • Жұманғарин Серік Мақашұлы – Премьер-Министрдің орынбасары;
  • Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы – Премьер-Министрдің орынбасары -Үкімет Аппаратының басшысы;
  • Байбазаров Нұрлан Серікұлы – Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі;
  • Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы – Премьер-Министрдің орынбасары;
  • Қарабаев Марат Кәрімжанұлы – Көлік министрі;
  • Тақиев Мәди Тоқешұлы – Қаржы министрі;
  • Шарлапаев Қанат Бисімбайұлы – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
  • Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – Президент кеңесшісі;
  • Оспанқұлов Ғабидолла Абдуллаұлы – Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы;
  • Қарағойшин Рустам Тимурұлы – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша). 

Шетел тарапынан кеңес мүшелері:

  • Гари Нейгл - Glencore компаниясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Терраз Николас - TotalEnergies Exploration and Production Branch компаниясының президенті, totalenergies концернінің атқарушы комитетінің мүшесі (келісім бойынша);
  • Бхаргав Дасгупта - Азия даму банкінің нарықтық қатынастар жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша);
  • Уаэль Сауан - Shell р1с бас атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Витторио Грилли - Еуропа-Таяу Шығыс-Африка JPMorgan Chase International аймақтық консультативтік кеңесінің төрағасы (келісім бойынша); 
  • Найджел Хирн-Chevron Corporation мұнай өнімдері және газ жөніндегі атқарушы вице-президенті (келісім бойынша);
  • Дэвид Ливингстон – "Еуропа-Таяу Шығыс-Африка" аймағы бойынша Citi компаниясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Кирсти Хелен Уилсон - Baker McKenzie жаһандық атқару комитетінің мүшесі, Baker McKenzie International директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • Ежи Старак - Polpharma S. A. тобының бақылау кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Иан Коулберн - Deloitte компаниясының ТМД бойынша бас директоры (келісім бойынша);
  • Акира Теракава - аға атқарушы вице-президент, Marubeni Corporation директорлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);
  • Борислав Иванов - Бланкенбург-Шығыс Еуропадағы Deutsche Bank бас атқарушы директоры, таяу шет елдердегі Deutsche Bank жаһандық сауда қаржыландыру және кредиттеу бөлімінің басшысы (келісім бойынша);
  • Тецуя Шинохара - Mitsubishi Corporation корпорациясының жаһандық стратегия және үйлестіру департаментінің аға вице-президенті, бас директоры (келісім бойынша);
  • Клаудио Дескальци - Eni S. p.a компаниясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Марко Мариотти - Шығыс Еуропа аймағы бойынша Philip Morris International Президенті (келісім бойынша);
  • Ибрагимов Шухрат Алиджанович - ERG Sari компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Нил Чапман - ExxonMobil корпорациясының аға вице-президенті (келісім бойынша);
  • Уве Кнотцер - Knauf International GmbH Бас директоры, Gebr бас серіктесі. Knauf Group (келісім бойынша);

– Одиль Рено-Бассо - Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті (келісім бойынша);

– Подгузов Николай Радиевич - Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы (келісім бойынша);

– Рафаэль Гассет - Metro AG Басқарма мүшесі (келісім бойынша);

– Бела Ференци – Ресей мен ТМД-дағы GE Президенті (келісім бойынша);

– Тимоти Скот Гитцель - Cameco корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры (келісім бойынша);

– Тунджай Өзілхан - Anadolu Group басқарма төрағасы (келісім бойынша);

– Мунехиро Хосоно - Inpex North Caspian Sea Ltd президенті және уәкілетті директоры (келісім бойынша);

– Феттах Таминдже - Sembol компаниясының президенті (келісім бойынша);

– Джули Линн Тигланд – EY жаһандық серіктесі, EY кеңселерінің басшысы (Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан және Африка) (келісім бойынша);

– Хуан Юнчжан - Petro China Company Ltd Президенті, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының CNPC вице-президенті (келісім бойынша);

– Несис Виталий Натанович - Solidcore Resources рlс бас атқарушы директоры (келісім бойынша);

– Воробьев Вадим Николаевич – "Лукойл" ЖАҚ президенті (келісім бойынша);

– Каан Терзиоглу - VEON Ltd тобының бас атқарушы директоры (келісім бойынша);

– Антонелла Бассани - Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті (келісім бойынша).

Сондай ақ кеңес бақылаушыларының құрамы бекітілді:

– Адам Красон - Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі PwC бас атқарушы директоры (келісім бойынша);

– Билл Томас - KPMG International компаниясының жаһандық төрағасы және бас директоры (келісім бойынша);

– Жаков Франсуа - Air Liquide компаниясының атқарушы вице-президенті және атқару комитетінің мүшесі (келісім бойынша);

– Симонс Мишель - Microsoft корпорациясының Орталық және Шығыс Еуропадағы Multi-country бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша);

– Симонелли Лоренцо - Baker Hughes басқарма төрағасы, президенті және бас директоры (келісім бойынша);

– Делеони Эндрю - Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтары бойынша президенті (келісім бойынша);

– Рафаэль Сантана - Wabtec корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры (келісім бойынша).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу