Президент шұғыл онлайн білім беру платформасын әзірлеуді тапсырды

732

Сонымен қатар Мемлекет басшысы үкіметтің қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда жіберген қателіктерін сынға алды.

Президент шұғыл онлайн білім беру платформасын әзірлеуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында пандемия кезіндегі білім беру жүйесіне тоқтала отырып арнайы білім беру платформасын әзірлеуді тапсырды. 

"Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттері  қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, бүгінге дейін нақты бір онлайн-платоформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні WhatsApp-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды білім үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бір онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет", – деді Мемлекет басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу