Президент Шұғыла Өмірбекті әйелдер күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады

163

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Шұғыла Өмірбекті әйелдер күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады Фото: ҰОК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!", – делінген хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу