Президент Шығыс экономикалық форумына қатысады

792

Жиын 2-4 қыркүйекте өтеді. 

Президент Шығыс экономикалық форумына қатысады

Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владивостокта өтетін VI Шығыс экономикалық форумына онлайн форматта қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев РФ президентінің кеңесшісі, Шығыс экономикалық форумы ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Антон Кобяковпен кездесті. Кездесуде биыл 2-4 қыркүйекте Владивостокта өтетін VI Шығыс экономикалық форумына Қазақстан делегациясының қатысу мәселесі
талқыланды.

Ермек Көшербаев аталған форум Қиыр Шығыстың өңірлерімен және ондағы жобалармен танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Пленарлық отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта қатысады деп жоспарланып отыр.

Форум аясында қазақстандық делегацияның Ресейдің мемлекеттік органдарымен, іскер топтар өкілдерімен, шетелдік қонақтармен кездесуі жоспарланған.

"Қос мемлекет арасындағы екіжақты қарым-қатынас тұрақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейінде тұр. Пандемия жағдайында Ресей Қазақстанның негізгі сыртқы экономикалық серіктесі болып қала береді, қос мемлекет жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды құруды жалғастырады. Шекаралық ынтымақтастық аясындағы кездесулер форматының маңызды екенін атап өткім келеді", – деді Антон Кобяков.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу