Президент Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады

485

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Президент Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады      Фото: bugin.kz

Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды:

  • Өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жеткен.
  •  Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асқан. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі.
  •  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаланың даму перспективасын ескере отырып, жаңа бас жоспар бекітілмек.
  •  Жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі.
  •  "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу