Президент сирек кездесетін металлдарды өндіру мен өңдеу ісіне басымдық беруді міндеттеді

Елде жер қойнауын пайдалану құқығы ашық әрі қарапайым тәртіппен жүзеге асып жатыр. 

Президент сирек кездесетін металлдарды өндіру мен өңдеу ісіне басымдық беруді міндеттеді Фото: RT

Мемлекет басшысы Қазақстан нарығына геологиялық барлаумен айналысатын ірі шетелдік компаниялар келгенін де жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Ірі өнеркәсіп жобаларын іске қосу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Мұны активтерді қазынаға қайтару ісімен қатар жүргізу қажет. Мен бұл жөнінде ірі бизнес өкілдерімен кездесулерде айтқанмын.

Қазақстанда орта буынға жататын көшбасшы компаниялар шоғырын қалыптастыру міндеті әлі де өзекті. Үкімет биылғы маусым айының соңына дейін келешегі зор әрбір орта кәсіпорынның жұмыс жоспарын әзірлеуге тиіс, - деп атап өтті Президент. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сирек кездесетін металл, соның ішінде әлемде сұраныс артып келе жатқан литийді өндіру мен өңдеу әлеуетіне тоқталды. Ол осы салаға инвестиция мен озық технологияларды тарту қажет деп санайды. Әлбетте, бұл жағдайда шетелдік инвесторлар мен отандық бизнесмендерге бірдей басымдық берген дұрыс. 

– Қазақстан нарығына геологиялық барлаумен айналысатын ірі шетелдік компаниялар келді. Жер қойнауын пайдалану құқығын ашық әрі қарапайым тәртіппен бөлетін Бірыңғай платформа іске қосылды. Парламент сессиясының соңына дейін бұл жұмыстың заңнамалық негізін қамтамасыз ету керек.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы реформа еш кедергіге қарамастан жалғасуы тиіс. Бұл – принципті ұстаным. Үкімет мұны қатаң түрде сақтауы қажет, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу