Қытайлық CNPC компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуы мүмкін

151

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қытайлық CNPC компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуы мүмкін Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы China National Petroleum Coprporation (СNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы осы жылдар аралығында компаниямен жоғары деңгейде ынтымақтастық орнағанына назар аударып, еліміздің энергетика секторы үшін мәні зор ауқымды жобаларды бірге атқаруға мүдделі екенін жеткізді. Әңгімелесу кезінде көмірсутегін өндіру және өңдеу бағытындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру мәселесіне ден қойылды.

Президент жылдық қуаты 12 миллион тоннаға дейін жететін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту өзекті екенін айтты. Сондай-ақ газ химиясы өндірісін дамыту перспективасына тоқталды.

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысындағы карбамид зауытының құрылысы жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу