Мемлекет басшысы сот реформасындағы "әсіре сақтықты" сынға алды

710

"Өкілет үшін талас игі бастаманың берекесін кетіреді".

Мемлекет басшысы сот реформасындағы "әсіре сақтықты" сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сот жүйесіндегі реформаны әсіре сақтық пен өкілет үшін талас баяулатып жатқанын айтты. 

"Біз сот саласындағы реформаларды біртіндеп жүзеге асырып келеміз. Бірақ нақты іске келген кезде әсіре сақтыққа бой алдырамыз. Тіпті, өкілеттік үшін өзара талас жүріп, игі бастаманың берекесі кетіп қалады. Соның салдарынан елеулі өзгеріске қол жеткізе алмай отырмыз. Ал азаматтарға, қоғамға нақты нәтиже керек. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан сот жүйесін түбегейлі қайта құру ісіне, оны сапалы жүзеге асыруға баса мән берген жөн", – деді ол Қазақстан судьяларының VIII съезінде. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу