Президент сот төрағалары мен судьяларды тағайындады

1771

2021 жылғы 30 шілдеде Жарлыққа қол қойылды.

Президент сот төрағалары мен судьяларды тағайындады

Құжат Жоғарғы соттың сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" 2021 жылғы 30 шілдедегі №636 Жарлықта Қазақстан Президенті қаулы етеді:

1. Төраға қызметіне тағайындалсын:

- Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Қалиев Ербар Қалелұлы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

- Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Биболов Нұрлан Зұлпыхарұлы Шымкент қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Ақмола облысы бойынша:

- Біржан сал ауданының сотына Оразов Әлібек Жоламанұлы;

Алматы облысы бойынша:

- Кербұлақ аудандық сотына Жүкенов Марат Арынұлы осы облыстың Ескелді аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

- Жарма аудандық сотына Омаров Руслан Еркінбекұлы осы облыстың Күршім ауданы №2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қостанай облысы бойынша:

- Рудный қалалық сотына Мырзағожинов Ерлан Алматұлы;

Алматы қаласы бойынша:

- Жетісу ауданының №2 аудандық сотына Байболов Сержан Қалимолдаұлы;

2. Судья қызметіне тағайындалсын:

- Нұр-Сұлтан қалалық сотына:

Жүкенов Арман Серіктайұлы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қаракөзиева Сара Орынғалиқызы Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

- Алматы қалалық сотына:

Мұшанова Гүлнәр Әуелханқызы Алматы облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

- Алматы облыстық сотына:

Ақбергенов Жұмаш Тілешұлы Алматы облысы Алакөл аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

- Қарағанды облыстық сотына:

Момбаева Зәуре Жеңісханқызы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Шайқамалов Қанат Жандарбекұлы Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

- Қызылорда облыстық сотына:

Еркінбеков Мұхтар Жүсіпбекұлы Қызылорда қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Ақтөбе облысы бойынша:

Ақтөбе қалалық сотына Нұрғалиева Айзада Сәбитқызы;

Алматы облысы бойынша:

Алакөл аудандық сотына Досанов Абдолла Манапұлы;

Қарасай аудандық сотына Бағжанов Олжас Асхатұлы, Бөрі Мират Қайратұлы:

Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі маманандырылған ауданаралық сотына Бақтығұлова Ғалия Мұратқызы Ақмола облысы Жақсы аудандық сотының судьясы қызметінен босатылап отырып;

Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотына Абділхади Жібек Абділхадиқызы;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Семей қалалық №2 сотына Әділбеков Ербол Елібекұлы осы облыстық Абай аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Өскемен қалалық сотына Әділжанов Тілеухан Советханұлы осы облыстың Жарма ауданы №2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Жамбыл облысы бойынша:

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Әбдіманап Үміт;

Қостанай облысы бойынша:

Қамысты аудандық сотына Жүнісов Данияр Төлендіұлы;

Маңғыстау облысы бойынша:

Маңғыстау аудандық сотына Досаева Әсел Қасқарбайқызы;

Мұнайлы аудандық сотына Махитова Замира Еділбайқызы осы облыстың Жаңаөзен қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Ақтау қаласының №2 сотына Сейітова Марал Қасқырбайқызы;

Павлодар облысы бойынша:

Екібастұз қалалық сотына Сырғашева Ұлболсын Байлепесқызы;

Жарлықтың толық мәтінін осы сілтемеден толық оқи аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу