Президент Степногорсктегі "Қазақстанның жылыжай технологиялары" компаниясына барды

580

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Степногорсктегі "Қазақстанның жылыжай технологиялары" компаниясына барды Фото: akorda.kz

Президентке жылыжай өнімдері – қияр, қызанақ, бұрыш және басқа да көкөністер мен гүл өсірудің заманауи технологиялары таныстырылды. Кәсіпорынның жылдық өндіріс қуаттылығы – 2,4 мың тонна.

Жылыжай кешенінің жалпы ауданы – 5 гектар. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,8 миллиард теңгені құрайды. 2023 жылы баклажан және құлпынай өсіру бөлімшелерін іске қосу жоспарланып отыр. Компанияның өнімдері толығымен Қазақстанның ішкі нарығында сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу