Президент стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты

1195

Оқу-жаттығу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өздерінің әскери борыштарын атқару кезінде қаза тапқан Қазақстан армиясының сарбаздары мен офицерлерінің рухына тағзым етті.    

Президент стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына оқу-жаттығулардың негізгі міндеттері мен кезеңдері туралы мәлімет берілді. Аталған оқу-жаттығулары қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының қорғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін сақтау мақсатында ведомствоаралық іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған.

Оқу-жаттығу барысында елімізге төнетін сыртқы қатерлерді болдырмау үшін әскери және әскери емес сипаттағы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды.

Мемлекет басшысы әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ, қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шараларын жолға қою жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу