Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

1544

Асқар Мамин мен Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.  

Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты пікір білдіріп, зардап шеккендерге барынша көмектесуді тапсырды. 

 "Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысы Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым", - деп жазады Мемлекет басшысы Twitter-де. 

Кеше Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып Сырдария облысындағы елдімекендерді су басты. Оның әсері көрші Мақтаарал ауданына да тиді.  Шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Бұдан кейін Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алды. "Мырзакент - Жеңіс - Жаңа тұрмыс" автомобиль жолымен көлік жүре алмайды. Мақтарал ауданы әкімдігі техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялап, төрт ауылдан 5400 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу