Президент: Сыбайлас жемқорлық – еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кесел

853

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде "сыбайлас жемқорлықпен күресу – ортақ міндет" екеніне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Президент: Сыбайлас жемқорлық – еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кесел

"Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет", – деді ол.

Президенттің айтуынша, бұл бағытта соңғы үш жылда біраз шаруа атқарылды. 

"Осындай қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұдан былай олардан қайтарылған қаражат мектеп салуға жұмсалады. Жемқорлықпен күрес тиімді болу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді", – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев "жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайтынын, жалғаса беретінін" атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу