Президент "Сыр жұлдыздары" шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

84

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент "Сыр жұлдыздары" шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған "Сыр жұлдыздары" шығармашылық-инновациялық академиясына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл нысан биыл мамыр айында пайдалануға берілген.

Мемлекет басшысына академия қызметі өңір жастарының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталғаны жөнінде баяндалды.

Кешенде бассейн, спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, шығармашылық студиялар мен зертханалар бар.

Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысында қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында 2022 жылдан бастап Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Шығармашылық мектептері бой көтерген.

Былтыр облыс орталығында заманауи Оқушылар сарайы ашылды. Бұдан бөлек, Қызылордада Кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығының құрылысы басталды.

Бүгінде Президент саябағында уақыт талабына сай балалар сауықтыру лагері мен қысқы бақ салынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу