Президент сыртқы саясатқа жауапты өкілін тағайындады

832

Президент сыртқы саясатқа жауапты өкілін тағайындады, деп хабарлайды Atameken Business.   

 Президент сыртқы саясатқа жауапты өкілін тағайындады

Ықпалы мықты қызметке Ержан Қазыханов келді. Сондай-ақ, Тоқаев Сыртқы істер министрлігінде де бірқатар кадрлық өзгеріс жасады. Сарапшылар, мұның бәрі тегін емес деп отыр.

Ауыс-түйістер легі Ұлттық банкті де айналып өтпеді. Бас қаржы институты төрағасының орынбасары қызметіне бүгін Берік Шолпанқұлов жайғасты. Алматы облысының тумасы, жастайынан қаржыны есептеуге әуес болған. Айталық, еңбек жолын 20 жасында Қаржы министрлігі жанындағы басқарманың қазынашысынан бастады. Артынша мансабы көтеріліп, сол ведомствода бірқатар басшылық қызметтерді атқарды. Бертін келе, яғни 2008 бен 2014 жылдар аралығында Қаржы вице-министрі, еліміздің қорғаныс министрінің орынбасары лауазымдарында болды. Кейін, осы уақытқа дейін, 5 жыл көлемінде Қаржы министрінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. Енді 45 жастағы шенеунік Дина Ғалиеваның орнына келіп отыр. Ал экс вице-төрағаның қайда кеткені белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу