Президент танымал қаламгер, ұстаз Орынша Қарабалинаға көңіл айтты

1390

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, медиа-менеджер Батыр Қазыбаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның анасы танымал қаламгер, ұстаз Орынша Қарабалинаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 Президент танымал қаламгер, ұстаз Орынша Қарабалинаға көңіл айтты

"Ардақты ұлыңыз Батыр Кәкімжанұлы ақпарат саласында табысты қызмет етіп, ірі медиа-жобаларды жүзеге асырды. Отандық ақпараттық порталдар, радио мен телеарналардың негізін қалап, еліміздің журналистика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Өзінің табиғи қарапайымдылығымен, ұшқыр ойларымен және іскерлігімен елге сыйлы болды. Өмірде адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Батыр Кәкімжанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды", – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу