Президент тапсырмаларынан орындау үшін Ұлттық қордан қосымша 1,6 трлн теңге алынбақ

1114

2022 жылы елдегі инфляция 8-10% деңгейінде болады.

Президент тапсырмаларынан орындау үшін Ұлттық қордан қосымша 1,6 трлн теңге алынбақ

Биыл Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 1,6 трлн теңгеге ұлғайтып, 4 трлн теңгеге дейін түзету ұсынылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 млрд долларға өсткен, ал импорт – 40,2 млрд доллар.

"Инфляция 8-10% дәлізде анықталды. Түзетілген макроэкономикалық болжамның негізінде бюджет кірістері бойынша болжам нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджеттің кірістері 10,2 трлн теңге көлемінде, бұл бекітілген жоспардан 955 млрд теңгеге жоғары", – деді министр.

Әлібек Қуантыров кірістер бойынша негізгі ұлғаю мұнайға болжамды бағаның өсуі, долларға теңге бағамының өзгеруі аясында баж мөлшерлемесінің артуы есебінен мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша, сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі есебінен корпоративті табыс салығының өсуінен болады деген пікірде.

"Президент қойған міндеттерді іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 1,6 трлн теңгеге ұлғайтып, 4 трлн теңгеге дейін түзету ұсынылады", – деді ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу