Президент тапсырмасы: БҚО-дағы жолға “Қарашығанақтан” қаражат тартылмақ

744

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы "Бейнеу – Шалқар – Ырғыз" автожолының құрылысына техникалық экономикалық негіздеме әзірлеуді басталады.   

Президент тапсырмасы: БҚО-дағы жолға “Қарашығанақтан” қаражат тартылмақ Фото: lada.kz

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Подстепное-Федоровка" жобасын іске асыру үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2 учаскеге 6 миллиард теңге бөлінді. Қалған 2 учаскеге батыс өңірдің "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалары шеңберінде қаражат тарту жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Ұлттық экономика, Энергетика министрліктерімен және облыс әкімдігімен бірлесіп жолдың екі учаскесін қаржыландыру үшін "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" міндеттемелерін (салықтар мен корпаративтік табыс салығы бойынша) қайта қарау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу