Ұлытау облысында 25-тен астам ірі инфрақұрылым жобасы іске асырылады

328

Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Есет БАЙКЕН тілшілердің сауалына жауап беру барысында айтты. 

Ұлытау облысында 25-тен астам ірі инфрақұрылым жобасы іске асырылады Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Үкіметтің қолдауымен өңірде әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 25-тен астам бірінші кезектегі жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жобалар ұлттық компаниялар және ірі бизнес өкілдерімен бірлесіп іске асырылады.

Өңірдің стратегиялық серіктестерінің бірі – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС. Облыс әкімдігі мен корпорация арасында Жезқазған қаласында заманауи теннис орталығын салуды және 6 мың көрерменге арналған жаңа жабық футбол стадионын жобалауды көздейтін меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің айтуынша, жаңа спорт нысандары тұрғындарға, әсіресе балалар мен жастарға спортпен шұғылдануға қосымша мүмкіндіктер береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу