Президент тапсырмасымен салынатын 20 су қойманың алғашқысы аяқталуға жақын

228

Жобаның құны 15 млрд теңгеден асады. 

Президент тапсырмасымен салынатын 20 су қойманың алғашқысы аяқталуға жақын Фото: canva.com

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында тәуелсіздік жылдарынан бергі ең алғашқы су қоймасы салынып жатыр. Құрылысы бітсе, Бөген өзенінің төменгі ағысында орналасқан Сарқырама, Шалдар ауылдары жазда судан тапшылық көрмейді. Осылайша егістік жер көлемі де ұлғаймақ. Бұл - еліміздегі су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салынатын 20 су қойманың алғашқысы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақбастау ауылдық округі аумағынан салынып жатқан "Бәйдібек-Ата" су қоймасының стратегиялық маңызы жоғары. Құрылысы былтыр қазан айында басталған нысан 2025 жылдың желтоқсан айына дейін қолданысқа беріледі.

Дамбаның биіктігі - 26 метр, ұзындығы 4,2 шақырымды құрайды. Ал су қойманың жалпы су сыйымдылығы - 68 млн м3. Жобаның құны 15 млрд теңгеден асады. 

— Бүгінгі таңда негізгі бөгеттің жер жұмыстары және 20 шақырымды құрайтын арнаны бетондау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басына 148 адам мен 161 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар сапасын бақылау үшін арнайы лабаратория, техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелер нысан басына орналастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда, - дейді инженерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу