Президент тапсырмасына байланысты жас ғалымдарға 1000 грант бөлінді

870

"Жас ғалым" жобасы аясында 1000 жам маманға грант бөлу үшін 3 млрд теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  

Президент тапсырмасына байланысты жас ғалымдарға 1000 грант бөлінді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын.

"Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, "Жас ғалым" жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын", - деген болатын Президент.

 Берік Уәлидің дерегі бойынша, бүгінде аталған екі тапсырма да орындалып отыр.

"Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өту үшін ғалымдарға бөлінген 500 грантты, сондай-ақ, "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған 1000 грантты қаржыландыру механизмдері анықталды. Ғалымдарға тағлымдамадан өтуге бөлінген 500 грантты қаржыландыру үшін 1,35 млрд теңге көлемінде бюджеттік өтінім қабылданды", - деп жазылған Президенттің баспасөз хатшысы ұсынған мәліметте.

Сондай-ақ, тағлымдамадан өту ережелері пысықталып, үміткерлерді іріктеудің талаптары әзірлені, тағылмдамадан өткісі келетін 1000 жас ғалымның мәліметтер қоры жасақталғаны да айтылған.

Ал "Жас ғалым" жобасы аясында байқауды қаржыландыруға 3 млрд теңге бөлу мақұлданған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу