Президент Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды

1166

Еске сала кетсек, полицейлер 15 қарашада Тараз қаласында кәмелетке толмаған қызды зорлаған 38 жастағы күдіктіні ұстады.  

Президент Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым", деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Осы оқиғадан кейін Жамбыл облысындағы барлық білім ордаларындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ал, зардап шеккен оқушы ауруханаға жатқызылды.

ҚР БҒМ оқиға болған мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтердің қызметінен босатылғанын жеткізді.

Сонымен қатар. Жамбыл облысы Білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова өз еркімен жұмыстан кетіп, бірқатар жауапты полиция қызметкерлеріне қатаң сөгіс беріліп, учаскелік инспектор ішкі істер органдарынан шығарылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу