Президент Тәжікстанға ресми сапармен барады

1166

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамырдың екінші жартысында Тәжікстанға барады деп күтілуде

Президент Тәжікстанға ресми сапармен барады

Бұл туралы Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің Ақпарат және баспасөз департаменті мәлім етті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға ресми сапары мамыр айында өтеді, деп хабарлайды Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің Ақпарат және баспасөз департаменті.

"Тәжікстан Республикасының Президенті, ұлт көшбасшысы, құрметті Эмомали Рахмонның шақыруымен 2021 жылғы мамырдың екінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, құрметті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапармен Тәжікстанға келеді деп жоспарланып отыр ", - делінген Тәжікстан СІМ сайтында жарияланған хабарламада.

Алдағы сапар мақсатының мән-жайы туралы айтылмады.

 

 

  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу