Президент: Технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс

308

Мемлекет басшысы жаңа технологияны адамзат игілігіне пайдалану және оны прогресс пен ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналдыруды басты міндет ретінде атады. 

Президент: Технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс Фото: canva

Президенттің айтуынша, бүгінде бүкіл әлем жасанды интеллект дәуіріне қадам басты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Озық технологиялардың қарқынды дамуы саясатқа, экономикаға және миллиардтаған адамның өміріне тікелей ықпал етіп отыр.

Сарапшылардың бағалауынша, соңғы жылдары жасанды интеллект саласына әлем бойынша 1 триллион доллардан астам инвестиция салынған. Ал бұл саланың әлемдік экономикаға қосатын үлесі алдағы онжылдықта 7 триллион долларға дейін жетуі мүмкін.

Алайда оң нәтижеге тек технологияны жауапкершілікпен қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда жасанды интеллектті пайдалану жауапкершілігі төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр.

Әсіресе, ортақ реттеу ережелерін қабылдау және барлық елдің озық технологияға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.

– Біздің міндетіміз – жаңа технологияны адамзат игілігіне пайдалану, оны прогресс пен ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналдыру, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу