Президент "Теңізшевройл" бас директоры Имер Боннерді қабылдады

783

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Теңізшевройл" компаниясының өндіріс орындары мен "Теңіз" кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент "Теңізшевройл" бас директоры Имер Боннерді қабылдады Фото: akorda.kz

Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.

Мемлекет басшысы "Теңізшевройл" компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу