Президент Төтенше жағдай режимінің ұзартылуына қатысты тиісті шешім қабылдайды

682

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли осылай мәлім етті.  

Президент Төтенше жағдай режимінің ұзартылуына қатысты тиісті шешім қабылдайды

Жуырда Төтенше жағдай режимінің ұзартылуына қатысты тиісті шешім қабылданатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Коронавирусқа қарсы күрес – күн тәртібінде қарастырылатын негізгі мәселе. Қасым-Жомарт Кемелұлы күн сайын Үкіметтің, Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелерінің, өңір басшыларының есептерін тыңдайды. Жақында ғана Президент барлық облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне телефон шалып, шағын және орта бизнесті қолдауға, халықты әлеуметтік қорғауға, көктемгі егіс науқанына және су тасқынына қарсы жұмыстарға байланысты нақты тапсырма берді", – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, еліміздегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуал үнемі өзгеруде.

"Жуырда түскен ақпараттар негізінде Төтенше жағдай режимінің және карантин шараларының ұзартылуына қатысты тиісті шешім қабылданатын болады", – деді Берік Уәли.

Еске сала кетсек, Президент келесі аптада коронавирусқа байланысты халыққа үндеу жариялайтыны хабарланды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу