Президент төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жедел ден қою бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Атап айтқанда, маусымдық қауіп-қатерлерге дайындықты пысықтап, аудандық және ауылдық бөлімшелердің мүмкіндігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ құтқару қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесіне назар аударылды.
Кездесуде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік және сейсмологиялық қатерлердің алдын алу, халыққа жедел ақпарат жеткізу жүйесін жетілдіру мәселелері де сөз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайларды алдын ала болжау және қауіптерді ерте анықтау үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы министрлік құрамындағы кадрлық әлеуетті күшейтіп, құтқарушылардың кәсіби біліктілігін арттыруды тапсырды.