Президент туризм саласын дамытудағы кедергілерді атады

1390

Бүгінгі күні туристік саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,5 пайыздан аспайды. 

Президент туризм саласын дамытудағы кедергілерді атады

Президент туризм саласын дамытудағы кедергілерді атады , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз үнемі Ақмола облысы айтарлықтай табиғи-рекреациялық ресурстарға және мәдени мұра нысандарына бай екенін айтамыз. Бірақ, оның туристік әлеуеті толыққанда пайдаланылмай отыр. Бүгінгі күні туристік саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,5 пайыздан аспайды",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Осы орайда Мемлекет басшысы туристер легіне тосқауыл болатын айтарлықтай факторлар бар екенін баса айтты.

"Ең қажетті жол бойындағы дәретханаларды тәртіпке келтіре алмай отырып, сервис жайында қалай айта аламыз?!", – деген Президент жол бойындағы дәретханалардың жиіркенішті жай-күйі үнемі көтеріліп келе жатқанына баса назар аудартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу