Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына келді, деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы Нахичеван қаласында (Әзірбайжан) құрылды. Кеңес құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Түркіменстан биыл алғаш рет ТМД-ға бақылаушы мемлекет ретінде қатысуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу