Президент Түркістан облысында Сауран ауданын құру туралы Жарлыққа қол қойды

1661

Жаңа ауданның әкімшілік орталығы Шорнақ ауылы болады.

Президент Түркістан облысында Сауран ауданын құру туралы Жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына  өзгеріс енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды  inbusiness.kz. Құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

"Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                              Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 12 наурыз

                   № 534

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу