Президент Түркияға мемлекеттік сапармен барды

736

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм арнасы.  

Президент Түркияға мемлекеттік сапармен барды

Түркия астанасы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу