Президент тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды

590

"Түрлі тарту-таралғы беру, сыйлық талап ету, диплом сатып алу – келмеске кетуі керек".

Президент тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды Фото: Серікжан Қобыланбаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық жемқорлықпен күрес мәселесіне тоқталды. 

"Күнделікті өмірде жемқорлық жағдайларына тап болған жұрт шарасыз күйге түседі,  әділдіктің бар екеніне сенбейді. Пандемиямен жалпы ұлттық деңгейде жаппай күрес жүріп жатқанда пайда табу үшін адам қаншалықты арсыз болуы керек? Мысалы, Алматыдағы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды блок бекеттен өткізу үшін үнемі пара алып отырған. Мұндай деректер бірнеше өңірде байқалды. Тіпті, барлық жерде осылай болған шығар деп ойлаймын. Азаматтарымыз тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келіп отырған кезде сіз бен біздің істеп жатқан жұмысымыздың еш тиімділігі болмайды. Ешқандай халықаралық рейтингтің де керегі болмай қалатыны түсінікті. Түрлі тарту-таралғы беру, сыйлық талап ету, диплом сатып алу – келмеске кетуі керек", – деген Президент тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуі тапсырды. 

"Қоғамда жемқорлықтан жаппай жиренуге қол жеткізуіміз қажет.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп, тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуі керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу